COVID-19 қарсы вакцинасы туралы

  • Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.

  • Вакцина алған барлық адамдар алғашқы 30 минут бойы медициналық мекеменің қабырғасында, дәрігердің бақылауында болады. Ордан әрі 3 күн бойы, тіркелген жерлері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.

  • Коронавирусқа қарсы вакцинаны екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

  • Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – бұл вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу және үздіксіз жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта Вакцинацияның электрондық паспортын әзірлеу аяқталып келеді. Паспорттың жұмыс қабілеттілігі медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асырылатын болады.

    Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация ем-шарасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат қамтылады.

  • Бүгінгі күні КВИ вакциналары аз зерттелгенін айта кету керек. Халықаралық ұйымдар мен әртүрлі елдердің ұлттық иммундау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес басқа вакциналар арасындағы аралықты сақтау КВИ вакциналары туралы мәліметтерді жинауға және жанама әсерлердің жиілігін бағалауға мүмкіндік береді.

    Осыған байланысты тұмауға қарсы вакцинация мен КВИ вакцинациясы арасындағы аралықты 2-4 апта: «Спутник V» вакцинасы үшін - 4 апта (вакцинаны өндірушінің ұсынысына сәйкес) және басқа вакциналар үшін - 2 апта сақтау ұсынылады.

  • Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы - І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 45 күнді құрайды, қаулыға сәйкес азаматтардың өтініші негізінде 21 күннен 90 күнге дейін;

    Отандық «QAZVAС» вакцинасы - І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 21 күнді құрайды.

    Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген «Hayat - Vax» - І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 14-28 күнді құрайды.

    Қытайда өндірілген «CoronaVac» вакцинасы - І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 14-28 күнді құрайды.

    Қытайда өндірілген «VeroCell» вакцинасы - І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 21-28 күнді құрайды.

  • ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 24 қыркүйектегі қаулысында вакцина алған азаматтардың Ashyq жобасында «жасыл» мәртебесін жоғалтып алулары мүмкін жағдайлары жазылған.

    Онда азаматтар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін «жасыл» мәртебеге ие бола алатындығы жазылған. Бұл мәртебе оларда 21 күн сақталады. Егер де бұл уақыт аралығында азамат вакцинаның екінші компонентін алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде «көк» - ке ауысады.

    Екпенің екі компонентін алып вакцинаныция курсы аяқталған азаматтарда «жасыл» мәртебесі бір жыл сақталып тұрады.

    Сонымен қатар, Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебесіне КВИ-мен ауырып жазылған азаматтар 3 айға, жүкті әйелдерді қоса алғанда, медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтар және ПТР – талдауынан өткен азаматтар 1 аптаға ие бола алады.

  • «Рейд барысында мониторингтік топтар бұрынғы қызметтерінен басқа, кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинасының бірінші компонентін алуы - алмауын тексереді. Жобалық кеңсенің вакцинация картасы негізінде қызметкерлер саны 50-ден астам және олардың ішінде вакцинаның бірінші компонентін алғандар үлесі 60 пайыздан төмен кәсіпорындар тізбесі жасақталатын болады. Мониторингтік топтар рейдтарын тіркеу «InfoKazakhstan» электрондық платформасы арқыыа жүргізіледі.

    Жұмыс берушілер вакцина алған немесе уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері (мерзімі 7 күннен аспаған ПТР – зерттеуіңің анықтамасы / уақытша/тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдер немесе 3 ай ішінде COVID-19 — бен ауырып шыққандар ) барларды қоса алғанда барлық қызметкерлердің тізбесін (Т.А.Ә. және ЖСН) ұсынулары тиіс.

    Мониторингтік топтар жұмыс берушінің ұсынған тізімінің негізінде Ashyq қосымшасы арқылы қызметкерлердің вакцинациялану мәртебесін ішінара тексереді (қызметкерлерінің жалпы саны 50-ден 200-ге дейінгі ұйымдарда қызметкерлердің 10 пайызы, 201-ден 500-ге дейін 5 пайызы, 501-ден 1000-ға дейін 3 пайызы, 1000-нан жоғары 1 пайызы жұмыста болуы тиіс). Қызмткерлер арасында «жасыл» мәртебесінен басқалары анықталған жағдайда жұмысшыдан вакцинасыз жұмыста болуына рұқсат беретін анықтама (мерзімі 7 күннен аспаған ПТР – зерттеуіңің анықтамасы / уақытша/тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдер немесе 3 ай ішінде COVID-19 — бен ауырып шыққандар ) сұралады.

    Вакцинация тәртібі бұзылуын анықтаған жағдайда мониторингтік топтар санитарлық – эпидемиологиялық бақылау жүргізетін мекемелерге шешім қабылдау үшін нақты адамдардың деректері көрсетілген тексеру материалын жолдайды. Кәсіпорын, басшы немесе басқа да уәкілетті тұлғаға вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан уақытша шектету керек екендігі түсіндіріледі.

  • Белсенді емес (өлтірілген) және тазартылған коронавирустық инфекция вирусының бөлшектері енгізілгеннен кейін жауап ретінде организмде иммундық жүйе туындайды және нақты антиденелер қалыптасады. Ал коронавирустық инфекцияның патогендік вирусы ағзаға енген кезде, вакцинациядан кейін алдын-ала қалыптасқан антиденелер вирустық ақуыздарға қосылып, оларды бұғаттайды. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтіре алмайды.

    Адамдардың көпшілік бөлігін вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Вакцинацияланған адамдар көбейген сайын, инфекцияны жұқтыру қаупі де азаяды.

    Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын тұрақтандыру және болдырмау үшін халық арасында кемінде 60%-ы вакцина алулары керек.

  • ҚР ДСМ-нің ресми деректеріне сәйкес қазіргі таңда ревакцинация жолдары қарастырылуда. Ревакцинацияның екі түрі болады. Жедел ревакцинация – халықтың 60 – 70 пайызы вакцина алып ұжымдық иммунитет жасақталғанға дейін. Жоспарлы ревакцинация – жылына бір рет жасалады. Елімізде КВИ-ге қарсы вакцинация жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айынан басталды. Халықтың басым бөлігі маусым – шілде айларында екпе алды. Екпе алғандардың антиденелері жаңа, әрі деңгейлері жоғары болғандықтан ревакцинация жұмыстарын 2 компонент алғаннан кейін 9 айдан соң жүргізген абзал. Қазақстанда ақпан айында вакцина алған тұрғындар үшін ревакцинация қазан айларына жоспарлануда.

  • Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекциямен ауырып жазылғаннан кейін үш айдан соң екпе жасалады.