Науқастану жағдайлары
Өліммен аяқталу жағдайлары
Аурудан айыққан адамдар саны
Өтініш беру
Қызметкерлер тізімінің үлгісін жүктеу
Өңдеуге тек осы үлгі бойынша берілген тізім қабылданады
Өтініш беру жөніндегі Нұсқаулық
ҚР ДСМ ТҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалы ШЖҚ РМК
Мекен-жайы: Орал қ., Д. Нурпейісова көш. 19
Байланыс телефоны: 51-91-66
Бағасы: 8 025 тг.
«Облыстық көпбейінді аурухана» ШЖҚ МКК
Мекен-жайы: Орал қ., Строительный переулок көш. 6/1
Байланыс телефоны: 91-80-63, 91-80-64
Бағасы: 6 170 тг.
«Олимп» КДЗ
Мекен-жайы: Орал қ., Привольная көш. 1, Жәнгір хан көш. 52/2
Байланыс телефоны: Covid.kdlolymp.kz веб-сайты арқылы сараптама жүргізуге өтінімді міндетті түрде жолдау қажет.
Бағасы: 9 000 тг.
«Бөрлі аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК
Мекен-жайы: Аксай қ., Вахтовая көш. 1
Байланыс телефоны: 8 (71133) 36-2-12
Бағасы: 14 344 тг.
«Медицинский центр» ЖШС
Мекен-жайы: Орал қ., Есенжанова көш. 19
Байланыс телефоны: 53-74-47, 53-68-67
ДСМ М.Айқымбаев атындағы «АҚИҰҒО» ШЖҚ РМК «Орал обаға қарсы күрес станциясы» филиалы
Мекен-жайы: Орал қ., Чапаева көш. 36/1
Байланыс телефоны: 50-34-43, 26-65-22, 26-63-92
Бағасы: 8 000 тг.
«СВА Интертич» ЖШС
Мекен-жайы: Аксай қ., 7 ш.а., 7А
Байланыс телефоны: 8 (711-33) 34-340, 8 (711-33) 333-42
«INVIVO» ЖШС
Мекен-жайы: Орал қ., Әбілқайыр хан даңғ. 191
Байланыс телефоны: 8 (778) 769-38-81
Бағасы: 9 000 тг.
Жәнгір хан атындағы БҚАТУ
Мекен-жайы: Орал қ., Жәнгір хан көш 51
Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-13-74
А-класс Медикал (Келісімшарт бойынша)
Мекен-жайы: Алматы қ., Өзтүрік көш, 7А
Байланыс телефоны: 8 (7273) 10-00-88, 8 (701) 032-81-10
«Uniserv Medical Center» ЖШС
Мекен-жайы: Орал қ., Шолохова көш 36
Байланыс телефоны: 8 (777) 075‒33‒39, 8 (7112) 93‒33‒39 , 8 (771) 880‒02‒02, 8 (771) 880‒20‒20
«Qamqor Medical Center» ЖШС
Мекен-жайы: Орал қ., Жеңіс ш.а. 1/1
Байланыс телефоны: 8 (7112) 24‒03‒16, 8 (778) 907‒93‒18 , 8 (701) 268-66-00
«Orion medicals» ЖШС
Мекен-жайы: Ақсай қ., Абай көш. 18
Байланыс телефоны: 8 (705) 513-30-90
Бағасы: 12 000 тг.
Коронавирус — негізінен жануарларға, кейбір жағдайларда адамдарға берілетін вирустар тобы. Әдетте коронавирус салдарынан туындаған ауру жеңіл түрде өтеді.
Ауа арқылы (жөтелген, түшкірген, әңгімелескен кезде)
Шаң-тозаң арқылы (ауадағы шаң бөлшектерімен)
Тұрмыстық жолмен (қол алысу, тұрмыстық заттар арқылы)
Басқа да респираторлық вирустар сияқты коронавирус науқас адам жөтелгенде немесе түшкіргенде пайда болатын тамшылар арқылы таралады.
Сонымен қатар науқас адам кез келген ластанған затты, мысалы есік тұтқасын ұстаған
кезде таралуы мүмкін. Осылайша вирустар адамға ластанған қолдарымен ауызын, мұрнын немесе көздерін ұстаған кезде беріледі.
Әлеуметтік төлем табысынан айырылған жағдайда шектеулермен байланысты төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай санаттарына жүзеге асырылады:
тұрмыстық жиынтық төтенше жағдай кезінде ұсынылады:
Дезинфекция келесі аумақтарды / өңдеу жиілігін өңдеуді көздейд:
Ағымдағы дезинфекция арнайы Дезотрядтармен жүргізіледі, процедура барлық тартылған қызметтермен (ҚБТУ, Денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласы және аудан әкімдіктерімен) келісілген.
Көпшілік жағдайда бұл белгілер коронавируспен емес, қарапайым ЖРВИ-мен байланысты болады.
Коронавирус туралы жадынама
PDF
Жүктеу
Дене ыстығының көтерілуі
Жөтел (құрғақ немесе азғантай көлемдегі қақырықпен)
Демігу
Кеуде қуысында қысымның пайда болуы
Бас ауруы
Қан қақыру
Іш өту
Жүрек айнуы, құсу
Белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін 14 күн ішінде білінуі мүмкін. Белгілері көпшілік жағдайда көптеген респираторлық аурулардың белгілеріне ұқсас келеді, көбіне қарапайым тұмауға ұқсайды.
Қоғамдық орындарға бармаңыз: сауда орталықтары, спорттық және бұқаралық шаралар, қоғамдық көліктер.
Қоғамдық орындарда бір реттік медициналық масканы (респиратор) қолданыңыз, оны әрбір 2-3 сағатта ауыстырып отырыңыз.
ЖРВИ белгілері бар (жөтел, түшкіру, мұрыннан су ағу) адамдармен бір орын-жайда болмаңыз және байланыста болмаңыз.
Көшеден келгеннен кейін, бөгде адамдармен байланыста болғаннан кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Жиі қолданатын гаджеттерді, кеңсе техникасын және заттарды зарарсыздандырып отырыңыз.
Мүмкіндігінше қол алысу және құшақтау сияқты әрекеттерді шектеңіз.
Жеке гигиеналық заттарды өзіңіз қолданыңыз (орамал, тіс щеткасы).
Коронавирустық инфекция анықталған елге сапарға баруды жоспарласаңыз:
Шетелге сапарларды жоспарлау кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды нақтылаңыз
Жануарлар, теңіз өнімдері сатылатын сауда орындарына бармаңыз.
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын қолданыңыз (маскалар).
Тек термикалық өңделген тамақ пен бөтелкеге құйылған суды тұтыныңыз.
Науқастанудың алғашқы белгілері білінген жағдайда жедел медициналық ұйымдарға жүгініңіз, өз өзіңізді емдемеңіз.
Адамдар көп шоғырланған орындарға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолдарыңызды жуыңыз.
Хайуанаттар парктеріне, жануарлар қатысатын мәдени-бұқаралық шараларға бармаңыз.
Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек алу кезінде медициналық персоналға ҚХР мен коронавирустық инфекция анықталған өзге елдерде болған уақыт пен орын туралы хабарлаңыз.
Егер сіз коронавирус жағдайлары тіркелген елдердің аумағында соңғы бірнеше апта ішінде болған жағдайда 14 күн карантинде болып, жұмысқа, ауруханаға және дүкендерге бармаңыз.
Мұндай режим нақты белгілері анықталмаса да, эпидемиологиялық жағдайы жағымсыз елдерден келген барлық адамдар үшін міндетті болып табылады. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, ауруханаға барудың қажеті жоқ – дәрігерді
үйге шақырыңыз. Алдын алу шарасы ретінде қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, антисептикалық заттарды қолданыңыз, науқас адамдармен байланыстарды шектеңіз және өз бетіңізді көп ұстамаңыз.
Жоқ, антибиотиктер вирустарға әсер етпейді. Олар тек бактериалдық инфекцияны емдейді. Жаңа коронавирус – бұл вирус түрі, сәйкесінше антибиотиктерді коронавирустың алдын алу және емдеу үшін қолдануға болмайды. Дегенмен, инфекциямен емханаға жатқызылған науқастарға қосымша бактериалдық инфекцияларды емдеу үшін антибиотиктер белгіленуі мүмкін.
Жоқ. Мұрын қуыстарын тұзды ерітіндімен жиі шаюдың жаңа коронавирустық инфекциядан қорғайтындығы туралы ғылыми деректер жоқ. Кейбір деректер бойынша мұрын қуыстарын тұзды ерітіндімен жиі шаю қарапайым тұмау кезінде тезірек жазылуға ықпал етеді. Алайда мұрын қуыстарын жиі шаюдың респираторлық инфекциялардың алдын алу құралы ретіндегі тиімділігінің дәлелдемелері жоқ.
Жаңа коронавирус (COVID-19) барлық жас санаттарындағы адамдарға жұғады. Дегенмен, егде жастағы және белгілі бір аурулармен ауыратын адамдарда (мысалы, демікпе, диабет, жүрек аурулары) коронавирустық инфекцияның ауыр түрін жұқтыру қаупі бар. ДДСҰ кез келген жастағы тұлғаларға науқастанудан қорғану шараларын қабылдауды ұсынады, мысалы қол гигиенасын және жөтелу гигиенасын сақтау.
Бүгінде адамда жедел респираторлық ауруларды тудырушы коронавирустың жеті түрі белгілі. Бұл вирустардың арасында жаңа COVID-19 вирусы да бар. Соңғы деректер бойынша, осы вирус түрлерінен туындаған коронавирустың көзі болып үй жануарлары – мысық, ит, тағы басқалары бола алмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзекті деректері бойынша мысықтар мен иттердің жаңа коронавируспен науқастану жағдайлары, сонымен қатар COVID-19 вирусын үй жануарларының таратуы фактілері тіркелмеген.
Kaspi Gold шотын қалай ашуға болады
Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақшаны картазыз және комиссиясыз алаңыз