Өздеріңіз білетіндей, әлем бойынша коронавирустық инфекцияның жаңа «омикрон» штаммы таралуда. Бүгінгі таңда омикрон әлемнің 106 елінде таралған. ДДҰ(дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының) мәліметі бойынша омикрон басқа штаммдарға қарағанда жылдам таралады және инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары әрбір екі-үш күн сайын екі еселеніп көбеюде. Аталған штамм адамнан адамға тез жұғады және жиі ауру тудырады – яғни, вирус тасымалдаушымен қарым-қатынас болғаннан кейін ауыру ықтималдығы өте жоғары.
Сонымен қатар, ковидтің жаңа штаммдары сияқты омикрон қауіп тобындағы адамдар ауырған жағдайда ауыр асқынуларға және өлімге әкеледі.
Бұл штаммның негізгі симптомдарына тамақтың ісінуі, құрғақ жөтел, мұрын бітуі және бел тұсының ауырсынуы жатады.
Ғалымдардың мәлімдеуінше, аталған белгілердің барлығы вакцина алған және коронавирустан жазылып шыққандар адамдарда неғұрлым жеңіл ағымда өтсе, вакцина алмаған адамдарда ауыр ағымда өтіп, ауру ұзаққа созылады.
Pfizer «Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.
«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркелген.
Кепілдік берілген сападағы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар үшін өндірісі ДДҰ-ның біліктілігін алған вакциналар сатып алынады, яғни елімізде осы ұйымның сапа мен тиімділікке қойылатын барлық қажетті талаптарына жауап беретін вакциналар пайдаланылады.
«Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ-ның тізіміне енгізілген.
ДДҰ-ның аралық деректеріне сәйкес 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі осы жас тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті, бұл алдыңғы жас көрсеткіштерінің 16 жастан бастап және одан үлкен, 12 жасқа дейін және одан үлкен жасқа кеңеюіне алып келді.
1. 12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер;
2. жүкті әйелдер-жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін;
3. лактация кезеңіндегі әйелдер-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін).
Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.
Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:
КВИ-ге қарсы егуді қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.
Вакцинациялауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде ақпараттандырылған келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар ғана алдын ала жасалған тізім бойынша шақырылады.
Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялау кезінде қатыса алады.
КВИ-ге қарсы «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын енгізгеннен кейін медициналық бақылау вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 30 минутта жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау жүргізуге арналған үй-жайда физикалық қашықтықты сақтау ескерілетін болады.
Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі.
БЦЖ вакцинасы туберкулездің арнайы профилактикасы үшін қолданылады және бұл вакцина туберкулездің ауыр түрлерінен (милиарлы диссеминацияланған туберкулез, туберкулезді менингит) қорғайды.
Әлемдік практикада вакцинацияның КВИ-ден қорғауға әсерінің болуы туралы ғылыми негізделген дәлел жоқ.
Осыған байланысты, туберкулезге қарсы вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғай алмайды. КВИ-ден қорғау мақсатында осы инфекцияға қарсы вакцинация ұсынылады.
Әлемдік деңгейде жасөспірімдерге «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасы ұсынылады, сондықтан жасөспірімдерге бұл вакцина КВИ-ден спецификалық қорғау үшін ұсынылады.
Біздің елде пайдаланылатын КВИ-ге қарсы вакцинаның құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан енгізілген вакцина КВИ-мен сырқаттануды тудыруы мүмкін емес. Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір ғана бөлігі бар. Кейіннен инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл табиғи вирусты танып, оны жояды.
Осыған байланысты КВИ-ге қарсы вакцинацияланған адам вакцинадан инфекция жұқтыруы мүмкін емес және КВИ-ге қарсы вакцина алғандықтан айналасындағыларға жұқпалы болуы мүмкін емес.
«Комирнати» вакцинасы («Пфайзер» компаниясы) қатерлі ісікке, диабетке және аутизмге әкелмейді.
Сонымен қатар вакцинация жоғарыда көрсетілгендерді қоса, созылмалы аурулары бар адамдар үшін қажет. Бұл ретте, вакцинация аурудың өршуінен тыс кезеңде жүргізіледі.
Кейбір егілетін адамдарда вакцина тек мынадай күтілетін реакцияларды тудыруы мүмкін: инъекция орнының ауыруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың ауыруы, бұлшықеттің ауыруы, буынның ауыруы, қалтырау, диарея, қызба; инъекция орнының қызаруы, жүрек айнуы, құсу және т. б.
«Комирнати» вакцинасына («Пфайзер» компаниясы) арналған нұсқаулыққа сәйкес 1 дозада (0,3 мл) мРНҚ негізіндегі (липидті нанобөлшектерге инкапсуланған) COVID-19-ға қарсы 30 мкг бар.
Сонымен қатар қосымша заттар (кремдерде, сусабындарда кездесетін полиэтиленгликоль, бірақ едәуір үлкен көлемде, сондай-ақ сахароза, натрий хлориді, калий хлориді және басқалары) бар. Вакцинаның құрамында бір дозаға кемінде 1 ммоль калий (39 мг) және натрий (23 мг) бар, яғни олардың құрамы шамалы ғана.
Вакциналарда организмде бедеулік немесе мутациялық процестер сияқты ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларға әкелетін компоненттер жоқ.
Вакциналардағы кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшін қауіпсіз концентрацияларда болады.
Бүгінгі таңда біздің елімізде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау ДДҰ мақұлдаған және 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакцинациялауға ұсынылған жалғыз вакцина болып табылатын «Комирнати» вакцинасымен («Пфайзер» компаниясы) жүзеге асырылады.
Республикада көрсетілген контингенттерге вакцинация жүргізу 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау ұсынылған басқа елдердің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Бельгия, Үндістан, БАӘ) тәжірибесіне негізделген.
ДДҰ 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасымен вакцинациялауды ұсынады.
Бүгінгі таңда Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина және т. б. сияқты көптеген дамыған елдердің билігі осы вакцинамен балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқанын бастады.
Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанын ұсынады.
Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.
Баланы егуден бас тарта отырып, ата-ана өз баласын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында және «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» заңда айқындалған, Қазақстан Республикасының Конституциясында (29-бап) кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырады және оны вакцинамен басқарылатын инфекциялармен ауыру тәуекеліне ұшыратады, балаларда КВИ ауруының қаупін және өткерген КВИ-ден кейінгі асқынулардың (Кавасаки синдромы) даму қаупін едәуір арттырады.
Вакцинациядан кейін жасөспірімдерде де вакцинация паспорты жасалады.
Электрондық вакцинация паспортын «eGov mobile» мобильдік қосымшасынан жүктеуге болады. QR-коды бар қағаз тасығыштағы КВИ-ге қарсы вакцинация туралы анықтаманы тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық ұйымнан ала аласыз.
Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер егілетін адамды медициналық қарап тексеруді жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде егілетін адамның медициналық құжатында егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, екпеден бас тарту салдарлары туралы толық және объективті ақпарат береді. Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамды медициналық тексеруді олар денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған және (немесе) аурулардың объективті белгілері болған жағдайда жүргізіледі. Егулер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне егулер жүргізуге ақпараттандырылған келісім алынғаннан кейін жүргізіледі. Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.
Комирнати вакцинасын («Пфайзер» компаниясы) пайдалана отырып КВИ-ге қарсы вакцинациялау 12-ден 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жасөспірімдерге жүргізілетін болады. Бұл ретте егер вакцинация алған кезде жасөспірімнің жасы 18 жасқа толмаған болса, онда жасөспірім Пфайзер вакцинасымен егіледі және 21-28 күн аралығымен вакцинация курсы 18 жасқа толғаннан кейін аяқталуы мүмкін.
18 жасқа толған адамдарға вакцинация ерікті негізде басқа қолда бар вакциналармен жүргізілетін болады.
Диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер емдеуші дәрігерден консультация және рұқсат алғаннан кейін КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жіберіледі. Жасөспірімде созылмалы аурулар болған кезде, вакцинация ремиссия кезеңінде жүргізіледі.
Вакцинация жүргізу алдында медицина қызметкері артериялық қысымды, сатурацияны, температураны өлшей отырып, жасөспірімге медициналық қарап тексеру жүргізеді, тері жабындары мен көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап тексереді және жалпы жай-күйін бағалайды.
Шағымдар мен клиникалық көрсетілімдер анықталған кезде жасөспірім қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге жіберіледі. Көрсетілімдер бойынша салалық мамандардың консультациясына жіберілуі мүмкін.
Қорғаныс әсері бірінші дозаны енгізгеннен кейін 12 күннен кейін пайда бола бастайды, бірақ толық қорғауды қамтамасыз ету үшін ДДҰ 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен енгізуді ұсынатын екі доза қажет. Бір дозаны енгізгеннен кейін ұзақ мерзімді қорғауды қалыптастыру мүмкіндігін анықтау үшін қосымша зерттеулер талап етіледі. Қазіргі уақытта вакцинацияны екі кезеңде де бірдей вакцинаны қолдану ұсынылады.
Зерттеулер көрсеткендей, егер осы вакцинаның дозаларын енгізу арасындағы интервал EUL процедурасында ұсынылған мерзімнен асып кетсе, онда бұл қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай әсер етеді. Тиісінше, COVID-19 ауруының жоғары деңгейі бар елдерде вакцинаны жеткізудегі Елеулі шектеулермен бірге халықтың басым топтарының бірінші дозасымен неғұрлым жоғары қамтуды қамтамасыз ету үшін екінші дозаны 12 аптаға дейін енгізуді кешіктіру мәселесін қарастыруға болады.
Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
Ревакинация вакцинаның бір дозасымен жүргізіледі.
КВИ-ге қарсы ревакцинацияны КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады. Егер сіз вакцинацияның бастапқы курсында белсенділігі жойылған вакцинаны қолдансаңыз, сізге векторлық не болмаса м-РНК вакцинамен ревакцинациялау ұсынылады. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге жол беріледі.
Иә, болады.
КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі.